{metadescription}
Алматыда троллейбус аялдамаға соғылып, бір адам жараланды
Алматыда троллейбус аялдамаға соғылып, бір адам жараланды

Алматыда троллейбус аялдамаға соғылып, бір адам жараланды

Қоғамдық көлік тағы да жол апатына себепкер болды. Алматыда жолаушыға лық толы троллейбус аялдамаға соғылып, бір адам жараланды.

Жол апаты түс ауа Алмалы ауданында болған. Сейфуллин даңғылымен оңтүстік бағытта келе жатқан троллейбус жүргізушісі рульге ие бола алмай аялдамаға соғылып, жаяу жүргінші зардап шекті. Науқас бірден ауруханаға жеткізіліп, қазір амбулаторияда. Ал жолаушылардың арасында зардап шеккендер жайлы әзірге ақпарат жоқ. Белгілісі, №7 бағыттағы қоғамдық көлік  троллейбус паркіне тиесілі. Жүргізушісі 2014 жылдан бастап осы паркте жұмыс істейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде