Құрылыс: Қысқартылған шаршы метрдің құны қайтарылады
Әр шаршы метрдің сұрауы бар. Елімізде үй аумағын жоспардағынан кішірейтіп жіберетін мердігерлер қысқартылған шаршы метрлерінің ақшасын қайтаруға міндеттеледі. Арнайы бұйрықты индустрия және құрылыс министрлігі шығарды.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
15.08.2024
Үлескерлерден құрылыс компанияларының үй аумағын әлдеқайда кішірейтіп жіберетіні туралы көп шағым түсіпті. Жұрт қомақты сомада артық төлем жасап келген. Енді жоба-смета құжатындағы ауытқуларға мердігер компания жауапты болмақ.
Қазір қолданыстағы заңда шаршы метрлер жоспардағыдан кемі үш пайызға кішірейтіілсе ғана артық төлем қайтарылып жүр. Ал бұдан былай пәтер аумағы белгіленгеннен бір жарым пайызға кеміген жағдайда да қаражат өтелуге тиіс. Яғни мердігер аудан бойынша нақты айырманы қайтарады. Ал егер мүліктің ауданы жоспардағыдан бір жарым пайызға артық болып шықса, керісінше, үлескерлер қосымша төлем жасауға міндеттеледі. Мұндай жағдайда үйді сатып алушы артық шаршы метрлердің жарты ақшасын төлейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!