«Басқа амал қалмады». Ақтөбеде өзен-көл жағалауына үрей тудыратын тақтайшалар ілінді
Ақтөбеде құтқарушылар өзен-көл жағалауына адам үркетін тақтайшалар іліп жатыр. Рұқсат етілмеген жерге шомылатындарды осылай шошытпаса, басқа амал қалмапты.
Автор: Жаңалық Ахаш
15.08.2024
Өңірде айналдырған екі айдың ішінде 12 адам суға батып қайтыс болған. Олардың алтауы бала. Қайғылы оқиға болған жердің барлығында суға түсуге тыйым салынған. Бірақ белгі тұрса да, ешкім елемеді дейді мамандар. Енді Ақтөбе қаласындағы 18 жерге арнайы тақтайша орнатып, жағалауға темір сым тартқан. Тақтайшада соңғы бес жылда қанша адамның суға кетіп қайтыс болғаны жазылған. Құтқарушылар мұның шынымен де әсері бар деп отыр. Қазір бұл жерлерге тұрғындар шомылмақ түгілі, мүлдем жоламайтын болыпты.
Жанболат Төлепбергенов, Ақтөбе облысы ТЖД қызметкері:
— Жалпы рейд жүргізілген, біздің ақпаратқа көбі құлақ аспайды. Сол себепті оқыс оқиға жиі тіркеліп жатыр. Сол себепті, халыққа жеткізетін бір әдіс — осы тақтайшалар. Сақтықта қорлық жоқ. Осындай ақпарат тиімді деп есептейміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!