{metadescription}
Ұлттық құрама Париж олимпиадасынан кейін біраз сынға ұшырады
Ұлттық құрама Париж олимпиадасынан кейін біраз сынға ұшырады

Ұлттық құрама Париж олимпиадасынан кейін біраз сынға ұшырады

Белсенді бастағанымен, соңында шаршап қалады. Туризм және спорт министрлігі Париж Олимпидасында өнер көрсеткен боксшыларымызға осындай баға берді. Әлемдік додадан алтынсыз оралғаны үшін Мырзағали Айтжанов бастаған ерлер командасының бапкерлік құрамы түгел жұмыстан кеткен. Босаған орынға кім отыратыны белгісіз. Әзірге тек еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділовтың кеңесші болып тағайындалғаны мәлім.

Ұлттық құрама Париж Олимпиадасынан кейін біраз сынға ұшырады. Әсіресе қазақстандықтар сүйіп қарайтын спорт түрі бокс көңілден шықпады. Биылғы додаға ерлер құрамасынан 7 боксшының тек біреуі жүлдеге ілікті. Ал әйелдер құрамасы тек қола медалт алды. Осылайша Қазақстан екі Олимпиада қатарынан былғары қолғап бәсекесінен алтынға жете алмай келеді.

Диас Ахметшәріп, Туризм және спорт министрінің қоғаммен байланыс және БАҚ жөніндегі кеңесшісі:

1-2 раунда жақсы өнер көрсетеді. Үшінші раундта шамамыз жетпей қалады. Мүмкін дайындық жағынан ақаулар болған шығар. Мүмкін фармацевтикалық жағынан дәрумендер жетіспейтін шығар. Оның бәрін біз кеңірек талқылайтын боламыз, яғни неліктен осындай қателіктер шыққанын.

Министрліктегілер қателіктің нақты неден кеткенін білмейді. Бірақ кадрлық өзгеріс арқылы көрсеткішті көтеруді көздепті. Бокс федарацияның бастауымен ерлер командасының бапкерлік құрамын бір-ақ күнде таратып жіберді.

Қазақстан бокс федерациясы:

Париж Олимпиадасының қорытындысы бойынша өткізілген кеңес нәтижесінде бокстан ерлер командасының бапкерлік құрамы толығымен жұмыстан шеттетілді. Қазақстан бокс федерациясының шешімі Дене шынықтыру және спорт істері бойынша комитеті арқылы мақұлданды. Осылайша бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжанов және бапкерлік құрамдағы 10 маман, ҚБФ вице-президенті Азиз Қожамбетов қызметінен босатылды.

Бокстан Қазақстан құрамасы екі Олимпиадада қатарынан алтын ала алмаса, көршілес Өзбекстан боксшылары Парижден бес алтынмен оралды. Кадрлық өзгеріске осы түрткі болды дейді спорт сарапшылары.

Айдар Махметов, спорт сарапшысы:

Токиода жоқ болған. Енді Парижде де ешқандай Олимпиада чемпионымыз жоқ. Біз үшін, бүкіл Қазақстан үшін бокс бұл жай ғана спорт емес ұлттық спорт ретінде саналатын спорт түрі. Сондықтан бас бапкер Мырзағали Айтжанов орнынан босатылды. Осы шешімді мен түсінемін. Дегенмен, менің ойымша, Мырзағали Құланұлы Қазақстан боксына үлкен үлес қосқан тұлға.

Бокстан ел қоржынына түскен Олимпиаданың соңғы алтынын Данияр Елеусінов еншілеген еді. Содан бері сегіз жыл өтіпті. Оған дейін де былғары қолғап шеберлеріміз жақсы өнер көрсеткен. Әсіресе Сидней Олимпиадасында жарқырадық. Онда екі бірдей отандасымыз Бекзат Саттарханов пен Ермахан Ыбраймов алтын медаль алған. Сол спортшыларымыздың бапкері болған Тұрсынғали Еділов Бокс федерациясы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде