{metadescription}
Көкшетауда тұрғын үй өртеніп, 70 адам құтқарылды
Көкшетауда тұрғын үй өртеніп, 70 адам құтқарылды

Көкшетауда тұрғын үй өртеніп, 70 адам құтқарылды

Көкшетауда тұрғын үйлердің бірінен өрт шығып, 70 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Оның 16-сы — бала. Түн жарымында тұтанған өрт электр сымдарының тұйықталуынан болған.

Ерсайын Қойшыбаев, Ақмола облысы ТЖД ресми өкілі:

Өрт сөндіруге ТЖД үш арнайы техникасы мен жеке құрамының 14 адамы жұмылдырылды. 70 адам эвакуацияланды. Тұрғын үй түтін мен ыстан тазартылған соң, адамдар үйіне оралды.

Кіреберістегі электр сымдарының тұйықталуынан өрт шығып, қою түтін әп-сәтте бүкіл үйге жайылған. Тұншыққан тұрғындар түтін арасынан өз бетінше шыға алмай, құтқарушылардың көмегіне жүгінген. Жарым түнде төбесінен жай түскендей күй кешкен жұрттың тұрмыстық техникалары да істен шыққан.

Жұлдыз Жүсіпова, қала тұрғыны:

Дүкенге барып келгенше, қызым «үйде тоқ сұғатын жанып жатыр» дейді. Үйге келе жатсам, қыздар шулап жатыр, подезде өрт шығып жатыр дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде