{metadescription}
Қарағанды облысында бүтін бір ауыл күлге тұншығып отыр
Қарағанды облысында бүтін бір ауыл күлге тұншығып отыр

Қарағанды облысында бүтін бір ауыл күлге тұншығып отыр

Қарағанды облысында бүтін бір ауыл күлге тұншығып отыр. Cебебі жақын маңдағы жылу орталығының қалдықтары жел тұрса болды елді мекенге жайылады. Бұрын көк шаңды сумен басатын, қазір оны мүлдем қойған. Енді тұрғындар күл жұтпау үшін «бет-аузымызды тұмшалап жүретін болдық» деп ашынады.

Күлге тұншыққан Топар ауылының тұрғындары сағат сайын ауа райының болжамын аңдып отыратын болған. Үп еткен жел тұрса болды, есік-терезені қымтай бастайды. Көк шаңның кесірінен еркін тыныстаудан қалдық дейді тұрғындар.

Светлана Савинкова:

Балаларыма алаңдаймын. Ойын баласы болған соң, үйге қамап ұстай алмайсың. Жел тұрған кезде оларға қоңырау шалып, сол маңдағы дүкен немесе үйлерге тығылыңдар деп хабарласамын. Тыныс алғанда күл жұтып қойсаң, ол өкпеге барады. Тигізер зиянын ойлап шошынамыз. 

Күл көкке көтерілгенде ауыл көрінбей қалады. Бұрын шаңын сумен басып отыратын болған. Соңғы кездері оны да қойыпты. 

 Людмила Клочкова:

Бізді енді қанша уақыт улайды? Алдағы үш жыл бойы осылай отырамыз ба? Бүлінген жерді қалпына келтіру осынша уақытқа созылады деп отыр. Ең болмағанда, арасында су шашып қойса. Күлдің қауіпті екенін бәрі біледі. Көшеде жүре алмайтын хәлге жеттік.

Күл мен шаңды басу үшін биыл су шашуды қойғанын жауапты мекемедегілер мойындайды. «Одан басқа амал жоқ» деп ақталады. Басты реттеуші энергостанса құрылыс жұмысын бастаған. Күл үстіне су шашса, батпақтан көлік жүре алмай қалады екен. Сондықтан тұрғындар түсіністікпен қараса деп отыр.

Андрей Соловьев, «ГРЭС Топар» ЖШС өндіріс жөніндегі бас инженердің орынбасары:

Күл шығарылған жерді қалпына келтіру үшін бұл жұмысты атқарып жатырмыз. Сондықтан құрылысқа керек техника аумаққа еркін кіріп-шығып жүруі керек. Бүлінген жерді қайта қалпына келтіру үшін күл мен топырақты араластырып, өсімдік шығатындай қалыпқа келтіру жоспарланған. Ол 187 гектар аумақты қамтиды.

Енді тұрғындардың көнуден басқа амалы жоқ. Әйтсе де экология департаментіндегілер тексеруге шығамыз деп отыр. Оның қорытындысы қашан шығары әзір белгісіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде