{metadescription}
NASA ғалымдары Марстан су көзін тапты
NASA ғалымдары Марстан су көзін тапты

NASA ғалымдары Марстан су көзін тапты

NASA ғалымдары Марстан су көзін тапты. Су 20 шақырым тереңдікте анықталған.

Ғалымдар NASA Mars Insight Lander зонды жинаған деректерге талдау жүргізіп, Марс планетасы қыртысының тереңдігінде сұйық күйіндегі су бар деген қорытындыға келген. Осыған дейін Марста су сұйық күйінде емес, мұз және атмосферадағы бу қалдықтары түрінде анықталған-ды. Талдау көрсеткендей, су 10-20 шақырым тереңдікте жатыр. Марстың бетін зерттеген ғалымдар оның үстінде бір кездері су болғанын айтады. Өйткені бетінде өзен-көлдердің ізі бар.

Вашан Райт, мұхиттанушы:

Су шамамен 11-ден 20 шақырымға дейін жер бетінен төмен орналасқан. Оны алу өте қиын болады. Мысалы, жерге айналдыратын сұйықтықпен қамтамасыз ету керек .Ол бәрі бір сұйық су болсын, бұрғылау ерітіндісі болсын. Бұрғылауды біршама жеңілдету үшін бізге энергия мүмкіндіктері де қажет. Бұл үшін жабдық Марсқа жеткізілуі керек немесе ғаламшардың өзінде салынуы керек. Сондықтан бұл шынымен қиын болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде