{metadescription}
Жаңа шыққан 10 мың теңгені жалған ақшадан ажырату жолы
Жаңа шыққан 10 мың теңгені жалған ақшадан ажырату жолы

Жаңа шыққан 10 мың теңгені жалған ақшадан ажырату жолы

Ұлттық банк айналымға енгізілген 10 мың теңгелік жаңа банкноталардан жалған ақшаны ажыратып, алаяқтардан алданбаудың жолын түсіндірді. Сондай-ақ жаңа сериямен шыққан Сақ стиліндегі купюраның қорғаныш элементтеріне ерекше тоқталды.

Жаңа дизайндағы 10 мың теңгелік банкноталар шамамен қыркүйек айынан бастап жаппай айналымға түспек. Бұл номиналда арнайы алтын интаглио баспа тәсілі қолданылып, елтаңбаның алтын бедерлі бейнесі жоғары тұсқа басылған. Банкнотаның бет жағында Барыстың жарқыраған алтын бейнесі мен алтын түстен көк түске өзгеретін тау шыңының сұлбасы бейнеленген. Ал банкнотаның екінші жағында аузында грифондары бар Барыстың басы ерекше көрініс тапты. Бұл белгілер жарықта және ультракүлгін сәуледе анық көрінеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде