{metadescription}
Қарағанды облысы: Демалыс орнында 29 адам астан уланды
Қарағанды облысы: Демалыс орнында 29 адам астан уланды

Қарағанды облысы: Демалыс орнында 29 адам астан уланды

Балқашта демаламыз деп ауруханадан бір-ақ шықты. Қарағанды облысындағы демалыс орындарының бірінде 29 адам астан уланды. Қызуы көтеріліп, іші өткен 14 науқас бірден ауруханаға жатқызылған.

Серікбол Түсіпбеков, Балқаш көпсалалы ауруханасының директоры:

Инфекция бөліміне 14 адам жеткізілді. 9 бала, 5 ересек адам. Жағдайы орташа, интоксикация және ішек синдромына байланысты пациенттер сынама алынды. Ауруханаға жатудан бас тартқандары динамикалық бақылдауда.

Өзін жайсыз сезінгендердің кейбірі дәрігерге қаралмай үйіне қайтып кетсе, өзгесі пансионатта жатыр. Ал кейбір демалушылар ұзақ жолға шықпас үшін Балқаш қаласынан пәтер жалдап алған. Жүрегі айнып, лоқсып жатқан ересектер мен балалардың дене қызуы 39 градусқа дейін көтеріліп жатыр.

Демалушылардың нақты неден уланғаны әзірге белгісіз. Жаппай астан улану дерегі тіркелген демалыс орны Балқаш көлінің жағасындағы ең қымбат қонақүйлердің қатарында. Мұнда бір қонып шығу құны 45 мың мен 200 мың теңге аралығында. Оқыс жағдайдан кейін адам аяғы үзілмейтін демалыс орталығына барған облыстық СЭС мамандары қажетті сынамаларды алып, тексеріс бастады.

Айгүл Шатекова, Қарағанды облысы санитария-эпидемияны бақылау департаментінің бас маманы:

Балқаш қаласы санэпидембақылау басқармасының мамандары тарапынан эпидемияға қарсы шаралар басталды. Оның ішінде ошаққа шығу ұйымдастырылды. Сонымен қатар науқастар арасында сауалнама жүргізілді. Қарағанды облысының санэпидембақылау департаменті қызметкерлері арасынан бригада құрылып, Балқаш қаласына іссапарға шығу жүзеге асырылды. Қазір зертханалық зерттеу жүргізіліп, тергеу шаралары басталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде