{metadescription}
Мамандар АЭС тиімділігі мен артықшылығын атап берді
Мамандар АЭС тиімділігі мен артықшылығын атап берді

Мамандар АЭС тиімділігі мен артықшылығын атап берді

Балқаш экологиясына зиянсыз, ал экономикаға пайдасы зор! Бүгін Алматыда атом электр станциясын салу қызу талқыға түсті. Елдегі атом саласына жауапты мамандар АЭС тиімділігі мен артықшылықтарын атап, реактор техологиялардың қауіпсіздігіне тоқталды. Президент осыдан екі ай бұрын атом электр станциясын салу бойынша референдум осы жылдың күзінде өтетінін мәлімдеген. Алматыдағы қоғамдық талқылау осы мәселе бойынша өтіп отырған 19-шы шара.

Еліміздегі экология мәселесінің бірден-бір себебі ауада көмірқышқыл газының көбеюі, дейді мамандар. Сондықтан бірінші кезекте таза электр көзі қажет. Ал атом энергия станциялары сол газ шығарындыларын 70 миллион тоннаға дейін азайтуға септігін тигізеді екен. Сәйкесінше, адам денсаулығына да еш зияны болмайды деп сендіріп отыр шенеуніктер.

Саябек Сахиев, ҚР Энергетика министрлігі, Ядролық физика институтының бас директоры:

Қазақстандықтар, өкінішке қарай, Семей полигонымен шатастырып жатыр, экологияның сол жердегі радиациясымен шатастырып жатыр. Мысалы, атом бомбасын жасау үшін 95 пайыз уранды байыту қажет. Ал атом электр станциясы үшін бар-жоғы 4,5 пайыз жеткілікті. 4,5 пайызды отын ешқашан жарылмайды.

Жаңа жоба іске қосылса, еліміздің оңтүстігі, яғни бес облыс пен екі мегаполисті толық жарық көзімен қамтамасыз етеді екен. Сондықтан АЭС-ке қатысты алып-қашпа әңгімелер жоққа шығарылуы тиіс. Жиынға келген атомға жауапты мамандар халыққа осыны түсіндіруге тырысты.

Құрылыс электр энергиясының қымбаттауына алып келмей ме? Оны өндіру арзан екені түсінікті, бірақ станцияның өзі өте қымбат тұрады. Сәйкесінше, сол станцияның құны да электр қуатына қосылады ғой.  

Біз құрылыстың қанша тұратынын білмейміз. Құрылыс құны 8 ден 11 жарым миллиард долларға дейін болуы мүмкін. Бұдан біз генерацияның өз бағасын санай аламыз. Ол тарифке әсер ете қоймайды. Өйткені бізде генераторлар көп. Мысалы, АҚШ атом электр станциясында орташа баға 3 цент болса, Қытайда сағатына киловатт 6 центті құрайды.  

Қоғамдық талқылауға келген мамандар АЭС қауіпсіздігіне де көбірек тоқталды. Олардың айтуынша, соңғы 67 жылдың ішінде мұндай құрылғыда апат тұрмақ, жұмысында бір кіәнарат болмапты.  

Ерлан Батырбеков, ҚР Ұлттық ядролық орталығының бас директоры:

Атом электр станциясының 2 циклы, 2 контуры болады. Бірінші контур тек реакторды салқындатады. Ол үшін су Балқаштан, я болмаса басқа жерден алынбайды. Өйткені арнайы дайындалған су таза әрі оның өзіндік химиялық балансы болуы тиіс. Ал екінші контур буға жауап береді. Жарықты дәл осы бу береді. Балқаштың суы тек мұнараларды салқындату үшін пайдалануы мүмкін. Бірақ ол бір жылдық теңіз буының 0,33 пайызын ғана құрайды.  

Дәл осы мәселе бұған дейін еліміздің 18 өңірінде талқыланған. Осыдан екі ай бұрын президент референдум осы жылдың күзінде өтетінін мәлімдеген болатын. Бірақ нақты күнін Қазақстан үкіметі айқындайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.