{metadescription}
Әлемде "маймыл шешегі" індеті өршіп барады
Әлемде "маймыл шешегі" індеті өршіп барады

Әлемде "маймыл шешегі" індеті өршіп барады

Әлемде "маймыл шешегі" індеті өршіп барады. Қазақстанда вирустың бұл түрімен әзірге бірде-бір адам тіркелмеген. Бірақ бұл қауіп жоқ деген сөз емес. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы "маймыл шешегінің" таралуын төтенше жағдай деп жариялағандықтан, біздің ел де қауіпсіздік шараларын күшейтіп жатыр.

Тимур Сұлтанғазиев, ҚР Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары:

Маймыл шешегін мониторинг бақылау үшін ең біріншіден, Қазақстанға кіру жолдарын бақылауымыз қажет. Маймыл шешегінің спецификалық емі немесе спецификалық профилактикалық жолдары жоқ немесе вакцинасы да жоқ. Сондықтан қажетті ПЦР тест сатып алынуда. Қазақстанда тест болатынын атап өткім келеді.

Африкадан тараған "маймыл шешегі" қазір Еуропаға дейін жеткен. Отандық санитар мамандар шет елдерге баратын туристерді сақ болуға шақырып отыр. Вирустың бұл түрі жануардан адамға, сондай-ақ адамнан адамға жұғуы мүмкін.

"Маймыл шешегіне" шалдыққан науқастың қызуы көтеріліп, тұла бойы қалтырап ауырады. Дерт ушықса, денесі мен беті бөртіп кетеді. Аурудың инкубация кезеңі 5-тен 21 күнге дейін созылады. Биыл әлемде "маймыл шешегіне" 14 мыңнан астам адам шалдыққан. Оның 500-ден астамы көз жұмған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.