{metadescription}
Тықыр таяды: Теміржолмен тасымалдаушыларға субсидия беру қайта қаралады
Тықыр таяды: Теміржолмен тасымалдаушыларға субсидия беру қайта қаралады

Тықыр таяды: Теміржолмен тасымалдаушыларға субсидия беру қайта қаралады

Теміржол компанияларына тықыр таяды! Елімізде шойын жолмен жолаушы тасымалдайтындарға субсидия беру мәселесі қайта қаралады. Жаз бойы пойыздарды жіті тексеріп жатқан Теміржол және су көлігі комитеті осындай тоқтамға келген.

Ведомство өкілдері тексеріс барысында бір пойыздың өзінен 14 түрлі заңбұзушылық анықтапты. Атап айтқанда, вагондардың іші мен сырты нормаға сәйкес емес, желдеткіштер істен шыққан, ал санитарлық талап мүлдем сақталмаған. Мұндай жағдайда тасымалдаушы компанияларға олқылықты жоюға 10 күн беріледі. Айыппұл да салынған.

Қазір елімізде жолаушы тасымалдайтын 110 пойыз бар. Қойылған талаптарды сақтамай келген компаниялардың енді мемлекет бюджетінен субсидия алуы қиындайды.

Нұржан Келбұғанов, Темір жол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары:

Субсидиялау мәселесі қайта қарастырылады. Жолаушы тасымалдайтын компания өткен жылы қалай жұмыс істеді, қандай ескертулер болды және оның қаншасы жойылды, неше вагон сатып алынды бәрі ескеріледі. Жолаушыларға қаншалықты сапалы қызмет көрсетсе, субсидияны да соған сай алады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.