{metadescription}
Омбы-Майқапшағай тасжолында жол апатынан төрт адам мерт болды
Омбы-Майқапшағай тасжолында жол апатынан төрт адам мерт болды

Омбы-Майқапшағай тасжолында жол апатынан төрт адам мерт болды

Абай облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам мерт болды. Қайғылы жағдай Омбы-Майқапшағай трассасында болған.

Бетпе-бет соқтығысқан қос көліктің ішінде 10 адам болған. Жүйткіп келген «Тойота Камридің» бірі қарсы бағытқа шығып кетіп, өз жолымен келе жатқан екінші көлікке жаншылған. Екі адам сол жерде тіл тартпай кетсе, тағы екі жолаушы ауруханада жан тапсырды. Жапырылған қос көлік жарамсыз болып қалған.

Алмас Айтқалиев, Абай облысы ПД патруль полиция қызметінің инспекторы:

Омбы-Майқапшағай тасжолының 670 және де 671 шақырымында жол қозғалыс оқиғасы туындады. «Тойота 25» маркалы автокөлігі қарама қарсы бағытқа шығып, «Тойота 70» маркалы автокөлігіне соқтығысқан. Төрт адам қаза тапты. Жолға шыққанда жылдамдықты асырмай, жол ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.