{metadescription}
Екібастұз: Балабақшадағы балақай ацетон еріткішін ұрттап қойған
Екібастұз: Балабақшадағы балақай ацетон еріткішін ұрттап қойған

Екібастұз: Балабақшадағы балақай ацетон еріткішін ұрттап қойған

Екібастұзда төрт жасар бүлдіршін у ішіп ауруханаға түсті. Балабақшада ойнап жүрген балақай ацетон еріткішін ұрттап қойған.

Алайда балабақшада аса улы химиялық заттың қалайша қолжетімді жерде қалғаны белгісіз. Тәрбиешінің көмекшісі ацетон құйылған бөтелкені жуынатын бөлмеде қалдырып кеткен деген болжам бар. Ақ халаттылар бүлдіршіннің жағдайы орташа ауыр екенін айтады. Химиялық зат баланың ауыз қуысы мен жұтқыншағын күйдіріп жіберген.

Айта кетейік, оңбай уланған науқас ерекше назар аударуды қажет ететін балалар санатына жатады. Қазір оқиғаның анық-қанығы жіті тексерілуде. Кінәлілерге қатысты жаза тергеу аяқталғаннан кейін қолданылады, дейді Екібастұз білім бөлімінің басшысы.

Лаура Жүсіпова, Екібастұз білім бөлімінің басшысы:

Бұндай жағдайға жол беруге болмайтыны анық. Балалардың қауіпсіздігі біз үшін қашан да басты назарда. Біз баланың ата-анасымен және оған көмек көрсетіп жатқан дәрігерлермен байланыстамыз. Қазір полиция тергеу жүргізуде. Кінәләлерге қатысты жаза тергеу аяқталғаннан кейін қолданылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде