{metadescription}
Астана: Қызды өрттен құтқарған тұрғынға 2 миллионның сертификаты берілді
Астана: Қызды өрттен құтқарған тұрғынға 2 миллионның сертификаты берілді

Астана: Қызды өрттен құтқарған тұрғынға 2 миллионның сертификаты берілді

Бірнеше күн бұрын қыз баланы өрттен аман алып қалған астаналық тұрғынға 2 миллион теңгенің сертификаты табысталды.

Алтынбек Алтаев қызыл жалынға оранған пәтерді көре сала, балконнан секіріп кіріпті. Жауапты сәтте үрейге бой алдырмай, қауіпке бел буған екі баланың әкесін сол маңайдағы жұрт жарыса камераға түсіріп алған. Видео бірден әлеуметтік желіде таралып, басын қатерге тігіп, қорғаныш құралынсыз өртенген үйге кірген қаһарманды тәртіп сақшылар мен құтқарушылар бірлесе іздеп тапты. Бүгін Алтынбек Алтаев пен оның ұлына қала әкімі ерекше құрмет көрсетті.

Алтынбек Алтаев:

Көршілермен бірге көтерілдік. Есіктен кіруге мүмкіндік болмады. Балкон жақта да кісілер тұрды, жанына барып қарадым. Сол терезені көрдім, ашық тұр. Соны пайдаланып үйге кірдік. Электр автомат қалқанды өшірдім. Сосын қызды іздеп, бөлмелерді аралап шықтым. Соңғы бөлмеде жылап отыр екен. Оны уатып, «бәрі жақсы болады» дедім. Өрт сөндіруші,құтқарушылардың да еңбегі бар. Іш жақтан менің теуіп жатқанымды көріп, сыртқы жақтан құралдарымен ашып кіріп, қызды, мені сыртқа алып шықты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде