{metadescription}
Алматыда болашақ өрт сөндірушілер арасында әлемдік жарыс өтіп жатыр
Алматыда болашақ өрт сөндірушілер арасында әлемдік жарыс өтіп жатыр

Алматыда болашақ өрт сөндірушілер арасында әлемдік жарыс өтіп жатыр

Алапат өртпен күреске қазірден бастап машықтанып жатыр. Алматыда болашақ өрт сөндірушілер арасында әлемдік жарыс өтіп жатыр. Алты елдің жасөспірімдері жалынды қаншалықты тез сөндіретінін көрсетіп, кәсіби құтқарушыларды таң қалдыруда. Арасында тек жігіттер емес, қыздар да бар. Тартысты жарыстың алғашқы күнінде ресейлік қатысушылар көш бастады.

Бұл көрініске қарап, Алматының орталық стадионында өрт болып жатыр деп ойлап қалуыңыз мүмкін. Алайда бұл болашақ өрт сөндірушілер арасындағы жарыстың ашылу салтанаты. Әлемдік додаға Қазақстаннан бөлек бес елден мамандар келген. Төрт күндік сайыста жасөспірімдер өртті сөндіру кезінде қолданылатын түрлі сынақты бағындырады.

Дәурен Данаев, ҚР Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорт федерациясының атқарушы директоры:

Бүгін 100 метрлік кедергімен жолақтармен өту жаттығуы. Төрт жаттығудан тұрады. Біріншісі оқу мұнарасының екінші, үшінші қабатына шығу. Бүгін 100 метрлік кедергілермен жүгіру. Ертең өрт сөндіру эстафетасы. Төртінші күні өрт сөндіру мотопомпадан қанат жаю,сонымен су шашу, кәдімгі өрттегідей.

100 метрді жылдам еңсеру кезеңінде жасөспірімдердің қолына тоғыз келі өрт сөндіру жабдығы берілді. Спортшылар соның ауырлығына қарамастан, түрлі кедергіні еңсеріп, белгіленген қашықтықты 16-17 секундта жүгіріп өтуі керек. Мәреге бірінші кім жетеді, жеңіс соның қоржынында. Өрт сөндіруші болуды армандап, жарысқа қатысып жатқандардың бірі астаналық Айша Тұрсынбай.

Айша Тұрсынбай, жарысқа қатысушы:

Әлем шеипионатына 2022 жылдан бастап қатысып жүрмын. Қиындық болды. Осы жарысқа мен бір жылдай дайындалдым. 17 секунд жүгіру керек, бірақ мен 18 секундта жеттім. Келесіде уақытымды жақсартуға тырысамын. Жақсы нәтиже көрсетемін деп ойлаймын.

Жасөспірімдер арасындағы әлемдік дода Алматыда алғаш рет өтіп жатыр. Бастапқы екі күннің қорытындысында ресейліктер көш бастап тұр. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде