{metadescription}
КТК тапсырысымен түсірілген «Долгая жизнь» фильмінің жабық көрсетілімі өтті
КТК тапсырысымен түсірілген «Долгая жизнь» фильмінің жабық көрсетілімі өтті

КТК тапсырысымен түсірілген «Долгая жизнь» фильмінің жабық көрсетілімі өтті

Ұзақ өмір сүрудің құпиясы қандай? Алматыда КТК телеарнасының тапсырысымен түсірілген «Долгая жизнь» атты фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Туындыда кейіпкерлер ұзақ өмір сүрудің қыр-сырымен бөліседі. Продюсер Ольга Сапожникова осылайша кәріліктің жәй ғана сөз екенін, болмысты сақтап қалу әр адамның өз қолында екенін түсіндіргісі келген.

Өмір қартайса да, көңіл қартаймайды. Кісі талпыныс беру бағытында түсірілген туындыда кейіпкерлердің бәрі зейнеткерлер. Гольф ойнап, марафондарға, бидің де түр-түріне қатысуға болатынын көрсетеді. Бірі сымбаттылықты қалай сақтап қалуды үйрсетсе, екіншісі кәріліктің қорқынышты емес екенін түсіндіреді.

Любовь Чукенова, актриса:

Түсірілім кезінде қиын сәттер болды. Бірақ бәрі ойдағыдай өтті. Фильмде би билеу арқылы өмірді ұзартуға болатынын көрсетуге тырыстым. Аэробикамен, пластикамен айналысып, басқаларға ой салатындай әңгімелерімді айттым.

Ата-әже атансаң да, сахна мен спортты қатар алып жүруге болады. Сән әлемінде де бой көрсетіп, сурет салуға да мүмкіндік табылады. Кейіпкерлер фильмде осы туралы әңгімелеп берген.

Зина Ищанова, Алматы қаласы «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының бөлім меңгерушісі:

Фильмдегі кейіпкерлер біздің орталықтың тұрақты мүшелері. Барлығыбелсенді. Өмір сүруге деген құлшынысы енді керемет. Жалпы продюсердің идеясы мықты. Бұл басқаларға сабақ бере алады. 

Халықтың өмір сүру ұзақтығы бойынша Жапония көш басында. Онда өмір сүру ұзақтығы – 84 жас. Ал Қазақстанда – 74 жас. Продюсер бұл туынды арқылы біздегі статистиканы көтергім келді, дейді.

Ольга Сапожникова, продюсер:

КТК телеарнасының тапсырысы бойынша түсірілген «Долгая жизнь» туындысы, жалпы қысқаметражды деректі фильм. Онда адамдар өз әңгімелерін бөліседі. Негізі туынды арқылы мен 50 жаста өмірдің енді ғана басталып жатқанын,тіпті кейбіреуге 80 жаста өзін жас сезінетінін көрсеткім келді.

Фильмнің бюджеті 10 миллион теңгенің шамасында. Түсіріліміне бес айға жуық уақыт кеткен. Жабық премьерасы өткен кинотуындыны көрермен енді КТК көрермендері де тамашалай алады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.