{metadescription}
«Маймыл шешегі». Шекара бекеттері мен әуежайларда санитарлық талап күшейтілді
«Маймыл шешегі». Шекара бекеттері мен әуежайларда санитарлық талап күшейтілді

«Маймыл шешегі». Шекара бекеттері мен әуежайларда санитарлық талап күшейтілді

Әлемде маймыл шешегінің тарауына байланысты Денсаулық сақтау министрлігі шекара бекеттері мен әуежайларда санитарлық талапты күшейтті. Әзірге елде мұндай қауіпті кесел жұқтыру дерегі тіркелмеген. Десе де ауру тараған елдерден келетін адамдар жіті бақылауға алыныпты. Сондай-ақ 1 қыркүйектен бастап елдегі медициналық мекеме қызметкерлері бетперде тағуға міндеттеледі.

Тұмау, жедел респираторлы вирусты инфекциялар және коронавирустың таралуының алдын алу үшін бас санитар дәрігер осындай қаулы шығарды. Бұған эпидемиологиялық кезеңдегі қауіпті инфекциялық аурулардың қозуы себеп.

15 қыркүйекте кешенді түрде тұмауға қарсы вакцина егу науқаны басталады. Иммундау науқаны қарашаның соңына дейін созылмақ. Бұл мақсатқа 2 миллион 200 мың доза вакцина сатып алынған. Екпені медицина қызметкерлері, денсаулығына байланысты есепте тұрғандар мен жұқтыру қаупі жоғары адамдар тегін ала алады. Сонымен қатар эпидмаусымда балабақшалар мен мектептерде вирустың алдын алуға бағытталған шаралар белсенді жүргізілмек.

Жасұлан Алпысбаев, ҚР ДСМ СЭБК басқарма басшысы:

Егер де баладан ЖРВИ, тұмау немесе коронавирус сияқты инфекция белгілері анықталса, олар балабақшадан уақытша шеттетіледі. Мектептерде 20 пайыздан 30 пайызға дейін балалар ауырса, онда сыныпта ғана, бөлмеде оқытылатын режимге көшіріледі. Ал енді 30 пайыздан жоғары бір сыныптың оқушысы тұмаумен ауырса, онда онлайн білім беру жүйесіне ауыстырылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде