Гранттан қағылған талапкерлерге Call-орталық іске қосылды
Мемлекеттік гранттан қағылған талапкерлер үшін арнайы Call-орталық іске қосылды. Мұнда телефон шалу арқылы жолы болмаған жас өрендер тапсырған мамандығы бойынша қосымша грант, оқу ақысын жеңілдету жөнінде мәліметтер ала алады деп хабарлайды ғылым және жоғары білім министрлігі.
Автор: Айжан Шамшидин
19.08.2024
Биыл бас-аяғы мемлекеттік тапсырыс бойынша жоғарғы оқу орындарына 94 мың грант бөлінген. Оның 78 мыңы бакалавриатқа тиесілі. Грантты үлестіру кезінде тасқыннан зардап шеккен аймақтардың талапкерлеріне басымдық беріліп, тегін оқудың 20 пайызы осы өңірлерге үлестірілді. Соның салдарынан балы жетіп тұрса да оқуға түсе алмай қалған талапкерлер баршылық.
Мәселенің тігісін жатқызу үшін министрлік қосымша, демеушілер есебінен 8 мың гранттың ашылатынын мәлімдеді. Күнделікті таңғы сағат тоғыздан кешкі алтыға дейін көрсетілген телефон нөмірі арқылы қажет ақпарды алуға болады.
Call-орталық 25 тамызға дейін жұмыс істейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!