Петропавлда пара алды деп айыпталған экс-шенеунік айыппұл құтылды
Айыппұлмен құтылды. Петропавлда миллион теңге пара алды деп айыпталған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бұрынғы бастығына қатысты сот үкімі шықты.
Автор: Әсем Лесбек
19.08.2024
Әділет Мұстафинов сол алған парасын енді 30 еселеп қайтаруға тиіс. Судья кескен айыппұл көлемі осындай. Сондай-ақ оған енді мемлекеттік қызметке жолауға болмайды. Тергеу мәліметінше, Мұстафинов Солтүстік Қазақстан облысындағы түрмелерге ұн жеткізетін кәсіпкерден ауызбастырық сұраған. Сөйтіп миллион теңгені алған соң, антикордың қолына түсіпті. Сот сол ақшаны алуға көмектескен арадағы делдал мен пара берушіге де айыппұл салды.
Данияр Биғайдаров, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:
— Сот үкімімен Мұстафинов мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 30 млн теңге мөлшерінде, пара беруші мен делдал, тиісінше 20 млн және 10 млн теңге көлемінде айыппұлға сотталды. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!