{metadescription}
Алматы: Сырахана ашу үшін көпқабатты нысанның іргетасын бұзған
Алматы: Сырахана ашу үшін көпқабатты нысанның іргетасын бұзған

Алматы: Сырахана ашу үшін көпқабатты нысанның іргетасын бұзған

Сырахана ашу үшін көпқабатты нысанның іргетасын бұзған. Үйінің жер астындағы бөлігі бүлінген алматылық тұрғындар Сәулет, құрылыс басқармасымен соттасып жатыр. Себебі, солардың рұқсатын алған кәсіпкер іргетастың орнына есік орнатып, жөртеледегі сыраханаға кіретін жол ашқан. Ішімдік ордасының қожайыны тіпті көршілес есту аппаратын сататын дүкеннің пандусын да жауып тастапты.

Алматының қақ ортасындағы төрт қабатты үйдің іргетасы ақпан айында бұзыла бастаған. Іргетасы түгелдей бұзылып, мына жерден есік салынған. Есіктің ар жағында «сырахана жұмыс істейді» дейді тұрғындар.

Жазушы Зейнолла Қабдолов тұрған тарихи үйдің астында пайда болған сырахана жұрттың берекесін кетірген. Жұмысын кешке бастайтын жердегі у-шу таңға дейін жалғасады. «Оған да шыдауға болар еді, бірақ, іргетастың бұзылуы алаңдатарлық жағдай, зілзала бола қалса, үй жермен-жексен бола ма деп қорқамыз» дейді жұрт.

Анастасия Шестопалова:

Іргетасын бұзуға болмайды. Құрылыс ережесі бойынша, жердің астындағының бәрі іргетас болып есептеледі. Бұзылған жерді нығайтты ма, жоқ па, оны білмейміз. Тұруға қорқып қалдық. Себебі, іргетас  үйдің негізі. Оның үстіне, биыл жер сілкіністері болғанын білесіздер.

Сырахана иесі іргетасты бұзбас бұрын көпшіліктің келісімін алмапты. Бұл аздай, көршілес орналасқан мүгедектер жиі келетін есту аппараттары сатылатын дүкеннің пандусын да жауып тастаған.

Қанат Нұрғазиев:

Бұрыннан істеп тұрған пандусымыздың үстін бастырып тастап отыр. Осында келген мүгедек адамды арбасымен көтеріп кіргізіп жатырмыз, көтеріп шығарып жатырмыз.

Ашынған жұрт бұған рұқсат берген қаланың Сәулет, құрылыс басқармасын да, дүкен иесін де сотқа берген. «Бірақ бар дәлеліміз бола тұра, соттан жеңіліп, апелляцияға жүгіндік» дейді. Енді мамырдан бері соның шешімін күтіп жүр. Құрылыс басқармасы мәселеге қатысты жауапты созбалаңға салып, ақыр соңында тілшілерге ешқандай ақпарат бермеді. Ал үреймен өмір сүріп жатқан тұрғындар есіктің орнын қайта бітеп, іргетасты бастапқы қалпына келтіріп беруді талап етіп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде