Өскемендіктердің зәресін алған қылмыс ашылды
Өскеменде тұрғындардың зәре-құтын алған қылмыс ашылды. Бірер күн бұрын саяжай ұжымдарының бірінен әйелдің өлі денесі табылған. Артынша әлеуметтік желіде шаһарда «кісі өлтіргіш пайда болды» деген қауесет тарады.
Автор: Жаңалық Ахаш
20.08.2024
Тәртіп сақшылары бұл ақпаратты бірден жоққа шығарды. Соңғы рет тамыздың 13-і күні адам өлімі тіркелген. Марқұмды туыстары танып, жерлеу рәсімін өткізген. Ал оны өлтірген 56 жастағы күдікті қамауға алынды. Ол бұрын сотталған басқа қаланың тұрғыны. Бірақ оның әйелді қалай о дүниеге аттандырғанын, не істеп не қойғанын полиция қызметкерлері тергеу құпиялылығына байланысты айтпай отыр.
Алмас Төкенов, ШҚО ПД бастығының орынбасары:
— Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген. Бау-бақша қоғамдарының бірінде әйелді өлтірген 56 жастағы бұрын сотталған, басқа қалада тұратын ер адамды ұстады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу жүргізіліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!