{metadescription}
Жүгенсіз кеткен әуе компанияларын жөнге салудың бір тәсілі
Жүгенсіз кеткен әуе компанияларын жөнге салудың бір тәсілі

Жүгенсіз кеткен әуе компанияларын жөнге салудың бір тәсілі

Әуе рейстері қайта-қайта кешігіп, халықты мезі еткені үшін енді тек әуе тасымалдаушылары жауап бермейді — тікелей бірінші басшыларына да қомақты айыппұл салынады. Соңғы кезде жүгенсіз кеткен отандық компанияларды жөнге салудың бір тәсілі осы деп отыр көлік министрлігі.

Жолаушыларға қолайсыздық туғызған жағдайда азамат ұшудан бас тартса, билет құны өтеледі, не келесі рейске қайта жіберіледі. Министрліктің дерегінше, жалпы алғанда соңғы үш жылда әуе қозғалысын таңдайтын жолаушы саны 20 пайызға артқан. Сондықтан болар, әсіресе жаз мезгілінде әуе айлақтары қатынаушылар нөпіріне төтеп бере алмай, ұшақ жетіспеушілігі кәдімгідей сезілуде. Сондай-ақ бір мезетте алты әуежайдың күрделі жөндеуден өткізілуі де жағдайды қиындатып отыр.

Марат Қарабаев ҚР Көлік министрі:

Биыл елімізде лты әуежайда жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Адами фактор мен ауа райы жағдайына байланысты да ұшақтар айнлымнан шығып қалады. Мәселен, әуе компаниясында 101 ұшақ бар делік, оның 10-ы айналымнан үнемі шығып қалып отырады. Бұршақ, жауын-шашын бесеуіне әсер етсе, бесеуі бұзылып қалуы мүмкін. Бұл үш фактор ұшудың жүйелігіне және әуе кемелерінің кешігуіне әсер етуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.