{metadescription}
Оң жақ рульді көліктер такси қызметінен аластатылады
Оң жақ рульді көліктер такси қызметінен аластатылады

Оң жақ рульді көліктер такси қызметінен аластатылады

Оң жақ рульді көліктер енді такси қызметінен аластатылады. Мұндай темір тұлпарларды «ЯндексТакси» мен Indriver компаниялары өз платформасында мүлдем тіркемейтін болады. Көлік министрлігі қос компаниямен арадағы келіссөздер нәтижесін мәлімдеді.

Жаңа талап 2025 жылдан бастап жүзеге асырылады. Министрлік "ескі-құсқы көліктердің барлығын осылайша такси қызметіне жолатпаймыз" деп отыр. Құжатын қитұрқы әрекеттермен сан түзетіп, сол жақ рульді көлікке айналдырғандардың да айласы бұл жерде іске аспайды.

Марат Қарабаев күн санап такси бағасының қымбаттап жатқанына да тоқталды. Министрдің сөзінше, Үкімет баға саясатын реттеуге араласа аламайды. Сондықтан монополист компаниялар ойына келген бағаны қойып жүр. Мәселені елімізде мейлінше бәсекелес орта туғызған жағдайда ғана шешуге болады екен. Ол үшін шетелдік бірқатар компаниялармен келіссөздер жүргізілуде.

Марат Қарабаев, ҚР Көлік министрі: 
— Сол жақ рульді көлікке айналған оң жақ рульді машиналар бар. Олар адам өміріне қауіп төндірері сөзсіз. Сондықтан жаңа ереже ешкімді айналып өтпейді. Ал баға саясатына келетін болсақ, бүгінде Қазақстанда бірнеше агрегатор бар. Жекелеген қалаларда сұранысқа ие. Бізге BOLT компаниясы хабарласты. Бұл Эстонияның такси қызметі. Былайша айтқанда, Еуропадағы "Яндекс". Ол біздің нарыққа қызығушылық танытып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде