{metadescription}
АЭС: Астанада атом энергиясы жайында ғылыми тұжырымдар келтірілді
АЭС: Астанада атом энергиясы жайында ғылыми тұжырымдар келтірілді

АЭС: Астанада атом энергиясы жайында ғылыми тұжырымдар келтірілді

Атом электр станциясы — келешектің кепілі. Оны салу-салмауға қатысты жария талқы 20-шы рет Астанада өтті. Сала мамандары мен жауапты шенеуніктер әлемнің 32 мемлекеті пайдаланып отырған атом энергиясы жайында ғылыми тұжырымдар келтіріп, ел экономикасына тиімділігін түсіндіруге тырысуда. Қойылған сұрақ, оған берілген жауап сан-алуан. АЭС құрылысына қатысты референдум осы күзде өтуі тиіс.

Ел экономикасы дамыған сайын электр энергиясына сұраныс артып, жетіспеу байқалған тұста оның балама көзі атом электр станциясын салу ауадай қажет деп отыр сала мамандары. Қазіргі таңда Қазақтанда жылу электр станциялары 70 пайыз көмір пайдаланады. Яғни ауаны ластайтын көмір қышқыл газ шығындысы өте жоғары. Сондықтан болар, жаңадан станциялар салуға қызығушылық азайған.

Гүлмира Мұрсалова, ҚР ЭМ атом өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары:

Өкінішке қарай, қазір әлемдегі экологияға байланысты саясатқа көмірмен жұмыс істейтін станциялар салу үшін қаржы тарту қиын болып тұр. Себебі көмірмен жұмыс істейтін станциялардың көмір қышқылды газдар шығындысы өте көп.

Әрине, «Қазақстанға АЭС салынады» дегелі көпшіліктің көңілі күпті. Олар бейбіт мақсаттағы энергетикалық нысанды Семей полигонымен, Фукусимодағы апаттармен салыстырып жүр, дейді мамандар. Дегенмен бұған дейін еліміздің 19 өңірінде қоғамдық тыңдау өтіп, кезек елордаға келгенде жұрт атом электр станциясының қаншалықты қажет екендігін мойындай бастағандай. Қолдау сөздер жазылған плакаттармен келген. Қарсылық білдіргендер де табылды. АЭС қажеттілігін түсіндіруге депутаттар келіпті.

Елнұр Бейсенбаев, Мәжіліс депутаты:

Біріншіден, Фукусима мен Чернобыльды айтады. Бірақ осы екі жағдай болғанымен, жапондықтар мен ресейліктер АЭС-тан бас тартып отыр ма? Бас тартқан жоқ. Қытайдың Бейжің қаласын аралап тұрған барлық ЖЭО 85-90 пайызы Бейжіңнен көшірілген. Осыдан 12 жыл бұрын Бейжіңде болған кезде дем алатын ауа болмайтын. Ал қазір ең бір экологиясы таза қалалардың біріне айналып отыр.

АЭС-ке қатысты жиында сыртқа шығарылатын қалдықтар мәселесі де сөз болды. Сарапшылардың айтуынша, ол көмірдің күлі емес дайын отын, қайта өңдеуге болады. Бәрінен бұрын АЭС-тің аса маңызды нысан екеніне қоғамдық тыңдау өткізіп жүріп, тағы көз жеткіздік деп отыр.

Саябек Сахиев, Ядролық физика институтының бас директоры:

Біз қанша облыстарды айналып өттік. Облыс әкімдері, аудан, басшылары да, инвесторлар келіп, фабрика, зауыт ашуға дайын. Бірақ электр энергиясы жоқ.Сондықтан біреуге керек 80 мегаватт жылына, ондай энергия жоқ дегеннен кейін, ол теріс айналады да, кетіп қалады. Міне, қанша сондай мүмкіндіктен айырылып қалып отыр.

Президент осыдан екі ай бұрын АЭС құрылысына қатысты референдум осы күзде өтетінін мәлімдеген болатын. Егер референдумның нәтижесі оң болса, үлкен қуатты екі реакторлы АЭС салу қолға алынбақ.

Мамандардың айтуынша, Қазақстанда атом электр станциясы салынған жағдайда құрылысына 8 мыңнан аса адам қатысады екен. Елімізде атом энергиясы саласына қажетті білікті мамандар да бар деп отыр. Энергетика саласының сарапшылары болашақта энергия тапшылығын болдырмас үшін бүгіннен бастап қамдану керектігін айтады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.