{metadescription}
Президент көшпенділер ойындарына дайындықпен танысты
Президент көшпенділер ойындарына дайындықпен танысты

Президент көшпенділер ойындарына дайындықпен танысты

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына 19 күн қалды. Осыған орай мемлекет басшысы 8-13 қыркүйек аралығында өтетін еліміз үшін жауапты шараның дайындық барысымен танысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев әуелі халықаралық спорттық-мәдени іс-шараның ашылу салтанаты өтетін «Астана арена» стадионын аралап көрді. Отыз мың көрерменді еркін сыйдыратын спорт нысанында жыл бойы күрделі жөндеу жүргізілді. Қазір мұнда абаттандыру жұмысы аяқталып, жабдықтар толық жаңартылған.

Президентке Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде орналасқан Аккредиттеу орталығының жұмысы мен ұлттық құраманың киім үлгісі таныстырылды.

Туризм және спорт министрі Ұлттық құраманың әзірлігі жөнінде баяндады. Ермек Маржықпаевтың айтуынша, осы уақытқа дейін түрлі деңгейде 42 оқу-жаттығу жиыны өткізіліп, спортшылар 7 халықаралық және 25 республикалық турнирге қатысқан.

Мемлекет басшысы ат спортынан жарыстар өтетін «Қазанат» ипподромына барып, жамбы ату және теңге ілу сайыстарына арнайы жасақталған алаңды көрді.

Жалпы дүниежүзі елдері көз тіккен ұлы дала дүбіріне 89 мемлекеттен 2800 қатысушы мен ресми делегация мүшелері келеді. Сайыстың 21 түрінен 97 медаль сарапқа салынбақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.