{metadescription}
Көкшетауда түн ортасында екі жерден өрт шықты
Көкшетауда түн ортасында екі жерден өрт шықты

Көкшетауда түн ортасында екі жерден өрт шықты

Көкшетау қаласында бір уақытта екі жерден өрт шықты. Түн жарымда елді дүрліктірген тілсіз жау қаланың Застанционный кентінде болған. Жедел жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынмен алысып жатқанда елді мекеннің екінші жағында монша мен шаруашылық ғимараты өртенді. Құтқарушылар алғашқы от ошағын оқшаулағанымен, екіншісін өшіруде қиындыққа тап болыпты. 

Себебі өрт сөндірушілерге шаруашылық нысанда бензин мен керосин құйылған ыдыстар, сондай-ақ бес газ және үш оттегі баллондарының болуы кедергі келтірген. Алайда олар өрттің басқа үйлерге жайылуына жол бермеді. Темекі тұқылынан тұтанған алғашқы өрт 20 шаршы метрді аумаққа таралып, жер үйдің төбе жабындысын шарпыса, екіншісі ағаштан салынған монша мен шаруашылық ғимаратын күлге айналдырған. Өрттің тұтануына электр сымдарын тарту кезінде қауіпсіздігі ережелерінің сақтамауы себеп дейді мамандар.

Ерсайын Қойшыбаев, Ақмола облысы ТЖД ресми өкілі:

Көкшетаудың өрт сөндірушілері екі өрт ошағын да сөндірді. Мамандардың біліктілігі мен кәсібилігінің арқасында оттың таяу тұрған үйлерге жайылуына жол берілмеді. Екі жағдайда да өрт адамдардың немқұрайлығынан болған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде