{metadescription}
СҚО-да сирек кездесетін бағалы шаян аулаған браконьерлер ұсталды
СҚО-да сирек кездесетін бағалы шаян аулаған браконьерлер ұсталды

СҚО-да сирек кездесетін бағалы шаян аулаған браконьерлер ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысында Аrtemia salina шаянын заңсыз аулаған браконьерлер ұсталды. Қызылжар ауданында КАМАЗ жүк көлігінен 260 қап шаян тәркіленсе, Бескөл аудан орталығындағы қоймадан тағы да 242 қабы табылған.

Браконьерлер табиғатта сирек кездесетін бағалы су жәндігін Тайынша ауданындағы Қалыбек тұзды көлінен аулаған. Енді осы қылмысы үшін ұсталғандар үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазір 29 және 35 жастағы қос күдіктіге қатысты тергеу басталды.

Мәдина Ерғалиева, СҚО ПД баспасөз хатшысы: 

Алынған Аrtemia salina шаяны толтырылған цисталарының жалпы салмағы 24 тонна. Бұл облыс аумағында алынған ең ірі көлем. Балық ресурсын, басқа су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау фактісі бойынша сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде