Залал — 250 млн. Ақмола облысында алтын қазғандар ұсталды
Ақмола облысында заңсыз алтын қазғандар ұсталды. Қазақстан, Украина және Ресей азаматтарынан құралған трансұлттық топ жер қойнауындағы бағалы металды рұқсатсыз өндіріп келген.
Автор: Мерген Тоқсанбай
20.08.2024
Алтын шыққан жерді белден қазуды әдетке айналдырған он екі адам мемлекетке 250 миллион теңгеден астам залал келтірген. Олар жер қойнауын тек барлауға лицензия алған. Бірақ алтын бар-жоғын анықтаудың орнына, оны өндіріп пайда тапқан. Ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты іс сотқа жолдады.
Альмира Бекжан, ҚР Бас көлік прокуратурасының ресми өкілі:
— Бағалы металды заңсыз өндірген трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген күдікке ілінген 12 адамға – Қазақстан, Украина және Ресей азаматтарына қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды. Тергеу мәліметтері бойынша, қылмыстық топ жер қойнауын геологиялық зерттеуге лицензиясын алып, заңсыз алтын өндірумен айналысқан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!