Сицилия аралында яхта суға батып кетті
Сицилия аралында үлкен яхта суға батып кетті. Апат кезінде су көлігінде 22 адам болған. Соның салдарынан бір адам қаза тауып, алтауы із-түссіз жоғалған.
Автор: Ақтоты Жұмабек
20.08.2024
Яхта қатты толқында шайқалып, аударылып кетіпті. Сол сәтте борттағы 15 адам қашып үлгерген. Олардың арасында британиялық танымал кәсіпкер Майк Линч пен әйелі және бір жасар қызы да бар. Жағалау күзетінің мәліметінше, жоғалғандар арасында Ұлыбритания, Америка және Канада азаматтары болған. Оқиға орнында құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Олар 49 метр тереңдікте жатқан кеме қалдықтарын тексеріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!