{metadescription}
Олимпиадаға қатысқан алматылық спортшыларға пәтер, көлік, ақша табысталды
Олимпиадаға қатысқан алматылық спортшыларға пәтер, көлік, ақша табысталды

Олимпиадаға қатысқан алматылық спортшыларға пәтер, көлік, ақша табысталды

Олимпиадашыларға әлі де құрмет көрсетіліп жатыр. Парижде ел намысын қорғаған алматылық спортшыларға бүгін қала әкімі Ерболат Досаев пәтер, көлік, бұған қоса миллиондаған ақша табыстады. Қаржылай сыйақыдан жүлдесіз оралғандар да қалыс қалмаған. Бір өкініштісі, спортшылар олжалаған қола медальдың сапасы сын көтермейді екен. Әлден бетіндегі бояуы түсіп жатыр.

Бүгін Алматы әкімдігінде сыйлық жауған күн. Таңертеңнен Париж олимпиадасында ел намысын қорғаған жергілікті спортшылар мен жаттықтырушылар Ерболат Досаевпен кездесуге келген. Әкім бұл жүздесуге тыңғылықты дайындалғанға ұқсайды. Оны табыстаған сыйлықтарынан-ақ байқауға болады.

 Екі бөлмелі пәтер, 5 миллион теңгеге сертификат және спонсор атынан Hyundai SantaFe авткөлігінің кілті табысталады.

Ал қола медаль алған спортшыларға бір бөлмелі пәтер, су жаңа көлік, сондай-ақ 4 миллион теңге берілді. Алматы әкімі жаттықтырушылар мен жүлдесіз қалған спортшыларды да ақшалай сыйақымен қуантып қойды. Десе де, жүлдегерлер жеңіс тұғырындағы сезім еш сыйлықпен тең келмейтінін айтады. 

Александра Ле, Париж олимпиадасының қола жүлдегері:

Ешқандай ақша да, сыйлық та маңызды емес. Бастысы жеңіс тұғырындағы сезім. Оны ештеңемен салыстыруға келмейді. Өз мүмкіндігімізді бүкіл әлемге дәлелдеп, еліміздің атын шығарғанға не жетсін!

Спортшылар кіл мықтылар жиналатын додада қоланың өзін қанжығалау оңайға соқпағанын айтады. Сол медальдің сапасы, өкінішке қарай, сын көтермейтін болып шығыпты әлден бетіндегі бояуы түсіп, түрі қашқан.

Ғұсман Қырғызбаев, Париж олимпиадасының қола жүлдегері:

Францияда жүргенде тек қана өзіміз ғана ұстап жүрдік. Ұшақта қараған кезде жақсы болып тұрған. Әуежайға қонғаннан кейін біраз адам ұстады, үйге бардық, тойханаға бардық. Енді жайлап қарасам, медальдің түрі өзгеріп кетіпті. Естіп қалдық, қола медальдің ғана сапасы сондай болды. 

– Иә, сапасы сәл нашарлау, дизайны мықты істелген, ұнады. Қандай болса да, бізге ұнап тұр ғой.

Әрине, еңбектің наны тәтті. Франция астанасынан спортшыларымыздың жүлдемен қатар, коронавирус жұқтырып келгені бұған дейін белгілі болған. Олардың қатарында алматылық жүлдегерлер жоқ екен. Яғни бүгін түрлі марапатқа ие болған ұл-қыздар өзін жақсы сезінетінін айтады.

Назым Қызайбай, Париж олимпиадасының қола жүлдегері:

Негізі спортшыларға арасаң, ауырып, өйтіп жүрген жоқ. Тек анализ тапсырғанда, сондай вирус шығып тұр. Ол жеңіл формасы деп ойлаймын. Ал өзімізде бәрі жақсы.

Алда енді осы коронавирусқа байланысты кейінге шегерілген президентпен кездесу бар. Яғни бұл спортшылар алатын сыйлықтардың шегі емес. Олар марапаттау шараларының бәрі біткен соң бір тынығып алып, жаттығуға қайта кірісеміз деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде