Жанқош Тұраровқа қыз зорлады деген айып тағылды
Жанқош Тұраровқа қыз зорлады деген айып тағылды. Кәсіпқой боксшының үстінен 28 жастағы қыз арызданған.
Автор: Шапағат Мырзабек
21.08.2024
Оқиға Әуезов ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде болған көрінеді. Мән-жайды қазір полиция анықтап жатыр. Іс қозғалып, сараптамалар жүргізілуде. Ал Жанқош Тұраровтың өзі тағылған айыпты бірден жоққа шығарды. Әлеуметтік желідегі парақшасында «төсектес қыз керек болса, зорламай-ақ келеді» деп мәлімдеме жасап үлгерген.
Айта кетейік, спортшы бұған дейін бірнеше рет әйел теңдігі мен зорлық-зомбылыққа қарсы түрлі роликтерге түсіп, насихатқа белсенді қатысқан болатын.
Салтанат Әзірбек, Алматы ПД ресми өкілі:
— Түскен арызға байланысты Әуезов ауданы полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның олық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!