{metadescription}
Кредиттен бас тартқандар өз атына заңсыз рәсімделген несиені төлемеуге құқылы
Кредиттен бас тартқандар өз атына заңсыз рәсімделген несиені төлемеуге құқылы

Кредиттен бас тартқандар өз атына заңсыз рәсімделген несиені төлемеуге құқылы

Ерікті түрде кредит алудан бас тартқан қазақстандықтар енді өз атына заңсыз рәсімделген несиені төлемеуге құқылы. Яғни банктер мұндай қарызды сызуға міндеттеледі. Өз-өзіне шектеу қойған азамат алаяқтардың әрекетін енді сотта дәлелдеп жүрмейді.

Несие рәсімдеуден өз еркімен бас тарту туралы ереже ақпан айында енгізілген. Осыған дейін электронды үкімет порталы арқылы 461 мың адам өзіне несие алуға шектеу қойған. Осы құқығын пайдаланған азаматтарды қорғайтын ереже он күннен кейін күшіне енеді.

Биометриялық сәйкестендіруден өтпегендерге онлайн кредит беруге де тыйым салынған. Сондай-ақ банктер алаяқтар рәсімдеген кредит бойынша тергеу жүргізіліп жатқан уақытта үстемақы есептеуді де тоқтата тұруға міндетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде