{metadescription}
Мас күйде көлік жүргізген Бескөл әкімі 15 тәулікке қамалды
Мас күйде көлік жүргізген Бескөл әкімі 15 тәулікке қамалды

Мас күйде көлік жүргізген Бескөл әкімі 15 тәулікке қамалды

Петропавл маңындағы Бескөл ауыл округының әкімі мас күйінде көлік жүргізгені үшін 15 тәулікке қамалды. Қызмет көлігін мінген шенеунікті жол сақшылары сараптамаға күштеп апарған. Алайда ол медициналық тексерістен өтуге қарсылық білдіріпті.

Динара Рахимберлина, судья:

Медициналық сараптама тәртібі бойынша психоактивті заттар қолданғанын және масаң күйін анықтау міндетті болып саналады. Куәландыруға қарсылық білдірген адам кінәлі болып есептеледі. Қолдағы бейнематериалдарда нарколог дәрігердің Қанат Дарбаевке осының бәрін түсіндіріп жатқаны анық көрсетілген. Оның сараптамадан бас тартуы –  орта деңгейдегі масаң күймен теңестірілді.

Ауыл әкімі алкоголь ішкен ішпегенін куәландырудан бас тартқаны үшін 15 тәулікке қамалып, сегіз жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Алайда шенеунік бұл шешіммен келіспей отыр. «Арақ атаулыдан адамын» деген азамат мұны өз қызыметімен байланыстырып отыр. «Жұмысыма кедергі келтіру үшін жағдайды әдейі ушықтырды» дейді. Сондықтан өзі де сотқа шағымданбақшы.

Қанат Дарбаев, Бескөл ауыл округының әкімі:

Кесілген 15 тәулік мерзімімді өтеп келген соң, жоғары сотқа шағымданамын. Олар да мені айыпты деп таныса, онда Әдеп кеңесі маған не тәртіптік жаза қолданып, не қызметімнен босатады. Бәрін уақыт көрсетеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде