{metadescription}
Тамыз конференциясы халықаралық сарапшылармен саммит форматында өтіп жатыр
Тамыз конференциясы халықаралық сарапшылармен саммит форматында өтіп жатыр

Тамыз конференциясы халықаралық сарапшылармен саммит форматында өтіп жатыр

Астанада педагогтардың дәстүрлі тамыз конференциясы бірінші рет халықаралық білім берудегі сарапшылардың қатысуымен саммит форматында өтіп жатыр. Тақырыбы да биыл замануи. Оқу-ағарту министрлігі енді сабақ беруде жасанды интеллект енгізіп көрмекші.

Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі:

Жасанды интеллект сабақта мұғалімнің орнына емес, мұғалімнің көмекшісі ретінде әр баланың даму траекториясын анықтауда көмек бере алатынын көріп отырмыз. Бүгінде мектептерде ЖИ енгізу емес, білім сапасын арттырудағы тиімді жақтарын қарастыруды талқыға салып отырмыз.

Жаңа фотматтағы саммиттің басты тақырыбы ғана емес, мақсаты да осы. Білім саласын цифрландыру, жасанды интеллект мүмкіндігін қолдану. ЖИ қолдана отырып жасалған цифрлық өнімдердің білім беру көрмесі де осының дәлелі. Республикамыздың түкпір-түкпірінен келген бір жарым мың ұстаз осы көрмедегі заманауи жетістіктермен анысып қана қоймай, білім беру саласындағы жетекші сарапшылардан шеберлік сабағын алды.

Балмаржан Нарбекова, Шымкент жол-көлік колледжінің директоры:

Заман өзгерген. Біз ескі үрдістермен қалып қойсақ, білім беруіміз қызықсыз болады. Жастар компьютерде, смартфонда болады. Оларды заманауи бағдарлама қызықтырады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде