{metadescription}
Ерегесіп, 20 тонна дәптер тиелген жүк көлігін өртеген
Ерегесіп, 20 тонна дәптер тиелген жүк көлігін өртеген

Ерегесіп, 20 тонна дәптер тиелген жүк көлігін өртеген

Ақтөбе облысында 20 тонна дәптер тиелген жүк көлігін әдейі өртеген күдікті ұсталды. Бұл қылмысқа ол жүргізушіге ерегісіп барған.

Оқиға осыдан екі ай бұрын Мәртөк ауданында болды. Күдікті Mersedes-benz көлігіне қасқана от қойып, жүк машинасының түгі қалмай жанып кеткен. Сатуға апара жатқан 20 тонна дәптердің тек күлі қалыпты. Ал күдікті екі ай бойы бой тасалап, тәртіп сақшыларынан қашып жүрген. Жүк көлігінің жүргізушісі Мәртөкке қонаққа барып, сол жерде күдіктімен сөзге келіп қалған көрінеді. Ерегістің ақыры көлікті қасақана өртеумен аяқталған.

Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

Күдікті Мәртөк ауданының тұрғыны болып шықты. Ол жеке жағымсыз қарым-қатынас нәтижесінде фураны өртеп, оқиға орнынан қашып кеткен. Келтірілген залал көлемі 54 млн теңгеден асты. Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын  өткізіп, күдіктінің тұрған жерін анықтап, ұстады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде