{metadescription}
«Алатау-2» сауда үйінің алдын жайма базарға айналдырғандар қасарысып отыр
«Алатау-2» сауда үйінің алдын жайма базарға айналдырғандар қасарысып отыр

«Алатау-2» сауда үйінің алдын жайма базарға айналдырғандар қасарысып отыр

Алматыда атышулы барахолка базарының саудагерлері тағы шу шығарды. «Алатау-2» сауда үйінің алдын жайма базарға айналдырғандарды басшылық қумақ болғанда, мұның арты айқайға ұласты. Саудагерлердің рұқсаты жоқ және бірнеше мәрте ескертілген екен. Алайда базар алдында кәсібін дөңгелеткендер мектеп саудасы қызған тұста «ешқайда кетпейміз» деп қасарысып отыр.

Ақшам көп деп жатқан жоқпын. Мен де сен сияқты жалға тұрған адаммын. Біз шықпаймыз!

Айғайға аттан қосып, күні бойы көшені басына көтерген саудагерлер жылдар бойы жабайы сауданың көрігін қыздырған. Ал үш күннен бері тәртіп сақшылары келіп, көше бойында сауда жасағандарды қуалай бастапты. Аяқасты саудасы тоқтаған жұрт қатты ашулы.

Назгүл Рахманова, саудагер:

Еңбек етіп жатырмыз. Бізге кедергі жасамаңыздар. Сауда маусымында он күн жұмысымызды жасап алайық. Бәрінде кредит, қарыздары бар, пайызға ақша алған кісілер бар. Саудагерлердің бәрі сондай. Қарыздан құтылайық. Өзім тіпті бала-шағама киім алып үлгерген жоқпын.

Бұл жерде отыз жылдан бері нәпақа тауып отырғанның бірі Жанар Байталақова, көпбалалы ана. Айтуынша, сатылымға шығарған бүкіл тауарды қарызға алыпты. Мектеп құралдарының ақшасын бірінші қыркүйекке дейін қайтаруым керек дейді келіншек.

Жанар Байталақова, саудагер:

Біз сауда жасауға он күн рұқсат сұрасақ, бізге рұқсат бермей жатыр. Көпбалалы анамын. Балаларым оқиды. Үш балам оқиды. Бір жарым миллион төлеймін. Мына жерде кредиттері бар. Бәріміз тауарды қарызға алдық. 1 қыркүйекке дейін қайтаруым керек. Бала-шағамызды киіндіріп, оқуға жіберуіміз керек.

Бірақ ешқайсысының мұнда сауда жасауға рұқсаты жоқ. Базар әкімшілігі сырттағы «жабайы саудаға біз жауапты емеспіз» дейді. Бұл аумақ «Алматы паркинг» мекемесіне қарайды екен.

Бота Қарамолдаева, базар әкімшісі:

Мен бұлардың шағымы туралы ештеңе айта алмаймын. Біздің автотұрақ аймағына мүлдем қатысымыз жоқ. Бұл сұрақтың барлығы автотұраққа қатысты.

Көп ұзамай, шу шығарған кәсіпкерлермен жүздесуге автотұрақ өкілдері де келді. Айтуларынша, кәсіпкерлерге мамыр айында бұл жерде сауда жасауға болмайтыны туралы хабарлаған. Алайда жайма базардың көркін қыздырғандар аумақты босатпаған соң, сотқа жүгінуге мәжбүр болыпты.

Талант Тайнов, “Алматы паркинг” директорының орынбасары:

Жер телімдерінің бәрін зерттей келе, біз мына павильондардың заңсыз тұрғанын байқадық, көрдік. Жабайы сауда бар екенін де байқадық. Сол себепті мамыр айынан бастап барлығына хабарлама тараттық. Бәрі біледі. Павильондарды қазір сотқа бердік. Сот шешімі шыққаннан кейін, біз оларды міндетті түрде сот шешіміне сәйкес жоямыз. Сүреміз.

Саудагерлер «ешқайда кетпейміз» дегенімен, сот шешімі шыққан соң, тұрақ аумағын бәрібір босатуға тура келеді. Ал ескертуге құлақ аспағандары мәжбүрлі түрде қуылады дейді "Алматы паркинг" басшылығы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде