{metadescription}
Kaspi.kz оқу жылы қарсаңында отбасы бюджетіне ауыртпалық түсірмеудің амалын тапты
Kaspi.kz оқу жылы қарсаңында отбасы бюджетіне ауыртпалық түсірмеудің амалын тапты

Kaspi.kz оқу жылы қарсаңында отбасы бюджетіне ауыртпалық түсірмеудің амалын тапты

Қазақстанның ең инновациялық компаниясы Kaspi.kz оқушылардың ата-аналары үшін бірден бірнеше керемет жаңалық дайындады. Балаларды мектепке қалай тиімді және оңай дайындауға болады?

1 қыркүйекке тек оқушылар ғана емес, олардың ата-анасы да дайындалуда. Әрбір ересек адам оқудан алаңдамасын деп, баласына ыңғайлы мектеп формасы, спорт киімі, электронды құрылғылар, кітап-дәптер, кеңсе тауары секілді тағы басқасын алып беруге дайын. Ал бұл өз кезегінде қазақстандықтардың отбасы бюджетіне ауыртпалық түсірмеу үшін Kaspi.kz «Қайтадан мектепке» науқанын өткізуде.

Жәмилә Мұратхан, DeFacto дүкенінің бөлім менеджері

Осы соңғы бір аптаның ішінде бізде адам саны көбейді. Оқу қарсаңында мектеп формасы сатылымға кіргізілген. Адам саны сатып алатын мектеп формасына қарай артты. Яғни сабақ уақыты жақындады. Келушілердің сұранысы бойынша Kaspi науқан ашып отыр.

Науқанға бүкіл ел аумағындағы үздік дүкендер қатысуда. Ал сатып алған затқа тиімді бонустар беріледі.

Сырым Есенгелді, сатып алушы, студент:

Мен бүгін дүкенге өзіме жаңа киім, жаңа заттар қарауға келдім. Kaspi-де қазір жаңа акция пайда болыпты, Kaspi Red+ батырмасы арқылы. Өзіме үлкейтілген бонустар ала аламын. Сондықтан осы Bershka, Zara, Massimo Dutti, Pull&Bear деген магазиндерге келдім. Бұл маған өте ыңғайлы.

Kaspi.kz-тің тиімді шарттары балаларды мектепке жинауға ғана емес, басқаларға да қолдау көрсетуге көмектеседі.

Адель Оразалинова, волонтер, тележүргізуші:

Біз оқу жылына дайындықты бастап кеттік және волонтерлерге Kaspi Red+ жаңа функция ұсынғаны өте жағымды жаңалық болды. Бүгін кеңсемізде көпбалалы аналар болды, біз оларға бюджетті қалай жоспарлау керегін түсіндірдік. Мұндай шараны жиі, әр маусымда жасаймыз, қалай жоспарлау керектігін, қалай сатып алу керектігін айтамыз. Әрі бүгін бәріміз жоспар жасап, мектепке дайындалдық, заттар, форма, сөмкелер сатып алдық. Көп мөлшерде, топтап сатып алуға мүмкіндік болды. Кейбір отбасыларға да көмек бердік. Ал 10% кэшбэк – бұл бізге, қыркүйектің қарсаңында орындалған ғажайып болды.

Динара Мыңжасарқызы, сатып алушы:

Сабаққа дайындық үстіндеміз, бәріміз. Ата-аналар балаларына мектепке қажет құрал-жабдықтарды, оқу құралдарын алып жатыр. Осыған орай іске қосылған Kaspi Red+ өнімі барлығымызды қуантып жатыр. Бүгін, міне, баламды ертіп келіп, осы дүкеннен аяқ-киім, сумка тағы да басқа керек-жарақты алуға келдік. Kaspi Red+ өнімі және де «Мектепке дайындық» акциясы ата-аналар үшін өте қажет.

Kaspi.kz-тің «Қайтадан мектепке» акциясы 1 қыркүйекте бүкіл ел бойынша алғашқы қоңырау соғылғанға дейін жалғасады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде