{metadescription}
Теміртауда Ұлтық ұланның 36 сарбазы астан уланған
Теміртауда Ұлтық ұланның 36 сарбазы астан уланған

Теміртауда Ұлтық ұланның 36 сарбазы астан уланған

Теміртауда Ұлттық ұланның 36 сарбазы астан уланып ауруханаға түсті. Осыдан кейін әскери бөлімде тексеру басталып, асханасы жабылып қалды.

Сарбаздардың алды осыдан үш күн бұрын өзін жайсыз сезініп ауруханаға жеткізіле бастаған. Бәрінің басы айналып, құсып, іші өткен. Дәрігерлер 31 сарбазға «ішек инфекциясы» диагнозы қойылғанын айтады. Қалған бесеуінде тұмауға ұқсас белгілер болған. Қазір ауруханада жатқандардың төртеуінің әлі де ыстығы бар, қалғанының жағдайы қалыпты.

Жауынгерлердің жаппай неден уланғанын СЭС мамандары анықтайды. Олар әскери бөлімде дезинфекция жасаған. Бұл оқиғадан кейін қызметтік тексеріс те басталды. Осы уақыт аралығында сарбаздар дала жағдайында тамақтануға мәжбүр болған.

Данияр Өскенбаев, «Орталық» ӨҚ №5516 әскери бөлімінің командирі:

Қазір әскери бөлімінің мерзімдік қызметкерлерін дала асханасында тамақтандырып жатырмыз. Бұрынғы берілген тамақ, өзіміз басқа жерде істейміз. Ол жерде дәрігерлер бақылайды, әскери қызметкерлер бар, соны қарайды және тамақ дайындайды. Қазір асхана жұмыс істемейді. Оны тексеріп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде