{metadescription}
Шортандының ауызсу мәселесі шешілді: 1 млрд 400 млн теңгенің су желісі қосылады
Шортандының ауызсу мәселесі шешілді: 1 млрд 400 млн теңгенің су желісі қосылады

Шортандының ауызсу мәселесі шешілді: 1 млрд 400 млн теңгенің су желісі қосылады

Ақмола облысында сегіз мыңнан астам халқы бар Шортанды кенті енді ауызсу тапшылығын сезбейтін болады. Бұған дейін аудан орталығының тұрғындары елді мекеннің төрт жағынан қазылған ұңғымалардан су алып келген. Алайда соңғы жылдары халық санының өсуіне байланысты ауызсу жетіспеушілігі байқалған. Құны 1 миллиард 400 миллион теңгені құрайтын су желісі биыл күзде іске қосылмақ.

Су құбыры Шортанды кентінен 18 шақырым жердегі Егемен ауылының тұсынан қазылған екі ұңғымадан алынатын болады. 2022 жылы Шортанды кентінің қажетіне жерасты су қоры зерттеліп, арнайы сараптамалар жасалған. Тәулігіне 812 текше метр су бере алатын тіршілік нәрінің мол қоры осы Егемен ауылынан табылған.

Серікбол Мерей, Шортанды ауданы құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

Шілде айынан бастап жұмыс басталды. Жобада 18 км су желісі қарастырылған. 14 шақырымы жасалды. Жұмыс қарқынды жүріп жатыр.

2022 жылы жобалау смета құжаты дайындалған жоба биыл қыркүйек айында аяқталады. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан тынбай еңбек етіп жатқан мамандар су желісін уақытында іске қосамыз деп отыр.

Самат Балмағанбетов, «УниверсалСтройСервис» ЖШС директорының орынбасары: 

Ауызсу сапасы зертханада тексеріліп, «жақсы» деген нәтижесін алды.  Суды қыркүйек айының аяғына дейін салып беруге біз толық жауаптымыз.

Жоба аясында қос өзендей тартылған қос құбырдың суын Шортанды тұрығындарына  жедел жеткізу үшін су айдайтын құрылғы да салынады. Ұңғыдағы сорғыларға салмақ салмай,, оның жұмысын жеңілдететін көрінеді. Оған қоса арнайы сүзгі салу да қарастырылған.

Нұрсайыт Машанло:

Қазір әр үйге жеке су құбыры тартылған соң, үнемі су жетіспеді. Қанша жыл болды, еститініміз «су қайда?», «су қайда?». Енді бұл мәселе шешілетін болды.

Күндіз су жеткілікті болуы үшін түнде оны өшіріп қоюға мәжбүр болған шортандылықтарға бұл жобаның пайдасы да, маңызы да зор.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде