Ерлан Қарин: Бірқатар реформа елімізде жаңа саяси ахуал қалыптастырды
Ақордада Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ішкі саясат пен идеология жұмысын Президент Әкімшілігінің жауапты қызметкерлері мен құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен бірге талқылады. Жиынға Үкімет мүшелері, облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің орынбасарлары да қатысты.
Автор: Айжан Шамшидин
22.08.2024
Күн тәртібінде ішкі саясаттағы жұмысты ұйымдастыруға қатысты негізгі мәселер талқыланды. Этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға, саяси партиялармен, шығармашылық одақтармен байланыс орнату, қарым-қатынас жасау тетіктері әңгімеге арқау болды.
Ерлан Қарин жиналғандарға президенттің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан бірқатар реформалардың елімізде мүлде жаңа саяси ахуал қалыптастырғанын айтты. «Оны қоғамдағы көзқарастар мен ұстанымдардың әр алуандығынан байқауға болады» деген Мемлекеттік кеңесші жұмысты жетілдіруге, қоғамдық келісімді нығайтуға қатысты жауапты органдарға нақты тапсырмалар берді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!