{metadescription}
Сауалнама қанша адамның АЭС салуды қолдайтынын көрсетті
Сауалнама қанша адамның АЭС салуды қолдайтынын көрсетті

Сауалнама қанша адамның АЭС салуды қолдайтынын көрсетті

Қазақстандықтар атом электр станциясын салу идеясын қолдай ма? Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты халық арасында осындай сауалнама жүргізді. Оған еліміздің әр өңірінен 1200 респондент қатысыпты.

Сауалнамаға қатысқандардың жартысынан астамы АЭС құрылысын қолдайды екен. Яғни 53,1 пайызы соның арқасында 2030 жылға қарай электр тапшылығы мәселесі шешіледі деп сенеді.

Ал 32,5 пайызы атом электр станциясын салу идеясына қарсы. Олар құрылыс қоршаған ортаға зиян тигізе ме деп күдіктенеді.

Респонденттердің 14,4 пайызы екіойлы, сондықтан таңдау жасамаған.

Сауалнамаға қатысушылардың 43 пайызға жуығы АЭС салу мәселесі бойынша референдумға қатысуға ниет білдіріпті.

Тағы 16,4 пайызы қатысуы әбден мүмкін екенін жеткізген.

Ал респонденттердің 25 пайыздан астамы референдумға қатыспаймыз деп отыр.

Айта кетейік, жалпыхалықтық референдум осы күзде өтеді деп жоспарланған.

Гүлназ Қасымова, ҚР Президенті жанындағы ҚазСЗИ қоғамдық пікір мониторингі бөлімінің бас сарапшысы:

Біздің мәлімет бойынша, халықтың жартысынан астамы атом электр станциясының құрылысына қатысты референдумда өз таңдауын жасау үшін жеткілікті ақпаратқа ие. Ал сауалнамаға қатысқандардың үштен біріне жуығы АЭС туралы жеткілікті деңгейде білмейді, сондықтан қандай да бір шешім қабылдауға дайын емес.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде