Астанаға заңсыз жеткізілген тауарлардың көзі жойылды
Астанаға заңсыз жолмен жеткізілген түрлі тауардың көзі жойылды. Әділет департаментінің қызметкерлері тұтынушыларға ғана емес, тауар өндірушілерге де кесірін тигізетін заттарды өртеп жіберген.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
22.08.2024
Контрафакті жолмен жеткізілген тауарлардың арасында бағасы қымбат ұялы телефондардың аксессуарлары бар. Үлкен сұранысқа ие бұл заттар сауда орындарынан тәркіленген. Заңсыз тауарлардың арасында тіс емдеуде қолданылатын заттар да жүр. Медицинада қолдануға рұқсаты жоқ мұндай құрылғылар адам денсаулығына зиян. Тауар белгісі жапсырылған күмәнді кәмпиттердің де тұтынушыға жету жолы кесілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!