{metadescription}
Отандық Zeta өнімдері шетел нарығында үлкен сұранысқа ие
Отандық Zeta өнімдері шетел нарығында үлкен сұранысқа ие

Отандық Zeta өнімдері шетел нарығында үлкен сұранысқа ие

Отандық Zeta компаниясының өнімдері шетел нарығында үлкен сұранысқа ие. Кәсіпорын өндіретін тауарлар елімізден бөлек, Ресей, Өзбекстан мен Еуропа елдері көптеп сатып алатын болған. Бұған бірден бір себеп — атыраулық KPI зауыты өндіретін полипропилен. Zeta компаниясы пластик өнімдерін жасағанда КРІ өндіретін полипропиленді пайдаланады.

ZETA компаниясы отандық KPI зауытының полипропиленін былтырдан бастап өндіріске қосқан. Отандық шикізатты пластик орындықтар, үйге арналған бұйымдар, жәшіктер мен контейнерлер жасағанда пайдаланады. Бұл үшін компания ай сайын 40 тоннаға дейін  полипропилен сатып алады. Атырау қаласында орналасқан зауыттың тұтынушыларының бірі ZETA компаниясы.

Әсия Телеусова, сату бөлімінің бас маманы:

Біз Zeta компаниясымен 2023 жылдан бері жұмыс істейміз. Компанияға 700 тоннадан астам полипропилен жеткіздік. Zeta үйге, кеңсеге және балабақшаға арналған тауарлардың жетекші өндірушісі болғандықтан, оның өнімдері арқылы біздің полипропилен еліміздегі барлық үйде, кеңселерде бар деп айта аламыз. KPI ішкі нарықты дамытатын өңдеушілерге қашанда қолдау көрсетуге дайын.

Отандық шикізаттың арқасында, ZETA-ның тауарлары жоғары сапаға ие. Содан болар қазір пластик өнімдердің экспорты артқан. Оның ішінде, Өзбекстан, Германия мен басқа да Еуропа елдері осы компанияның тауарларын аттай қалап алдырып жатыр. 

Бақтияр Кенжеханов, ZETA компаниясының басшысы:

Сұраныс бар. Компанияның жоспарында Қытайға, Түркияға, Иранға, Қырғызстанға жалпы жан-жақпен келіссөздер жүргізіліп жатыр.Ең бастысы, бұл қазақстанның өнімі болғаннан кейін, әр тұтынушы мына біздің өнімдісатып алған кезде, яғни ақшамыз өз елімізде қалады. Бұның ішінде салық, айлықтары осы заттың ішінде тұр. Сондықтан отандық өнімді сатып алуға шақырамыз.

ZETA дүкендер желісі қазір Қазақстанның 27 қаласында бар. Ал дүкендердің жалпы саны 60. Еліміздегі тұңғыш газ-химия кешенінің бүгінде Алматы қаласында қоймасы бар. Онда 500 тоннаға дейінгі дайын өнімді сақтауға болады. Бұл KPI полипропиленімен жасалған өнімдерді елдің оңтүстігіне жеткізу уақытын екі аптадан екі күнге дейін қысқартқан. КРІ дәл осындай қойманы Астанадан ашуды жоспарланып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде