{metadescription}
Қарағанды: Жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін ұрған Дәкебаев сотталды
Қарағанды: Жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін ұрған Дәкебаев сотталды

Қарағанды: Жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін ұрған Дәкебаев сотталды

Қарағандыда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін соққыға жыққан Нұрболат Дәкебаевқа сот үкімі шықты. Жұдырығы жуан сотталушы енді екі жылын түрмеде өткізіп, жәбірленушіге қомақты өтемақы төлеуге тиіс.

Бақтияр Ақанов судья

Моральдық шығынның өтемақысы 2 миллион теңге. Адвокаттың қызметіне деп көрсетілген 700 мың теңге де өндірілсін. Оның денсаулығына айтарлықтай зақым келді. Емдеуге кеткен дәрі-дәрмектің құны 12 мың 160 теңге. Оны ол құжаттармен дәлелдеп отыр. Сондықтан жәбірленушінің пайдасына өндіріледі.

Сот шешімі бойынша Нұрболат Дәкебаев өтемақы мен сот шығындарын бір ай ішінде өтеуut тиіс. Ал өзі сот залынан бірден колонияға аттанады. Сот оның бірінші ақпаннан бастап қамауда отырған бір күнін екі күнге есептеді. Сондықтан ол бір жылдай уақытын өтеп тастады деп есептеледі. Қалғаны  бір жыл. Мерзімінің жартысы өтелгендіктен, уақытынан бұрын бостандық сұрауына мүмкіндігі бар.

Естеріңізге салсақ, 27 қаңтар күні шақыртумен ,3h жасар балаға келген жедел жәрдем жүргізушісі мен күдіктінің арасында жанжал туған. Арты төбелеске ұласып, Төреғали Берікқалиұлы таяқ жеген болатын. Жанжал кезінде оның қасында фельдшер де болған. Төреғалидың соққыға жығылғанын сол әріптесі таспаға түсіріп тұрған. Соттағы басты дәлел де сол болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде