{metadescription}
Алғашқы қоңырау 1 қыркүйекте соғылады —  1 және 11 сыныптарға
Алғашқы қоңырау 1 қыркүйекте соғылады —  1 және 11 сыныптарға

Алғашқы қоңырау 1 қыркүйекте соғылады — 1 және 11 сыныптарға

Алғашқы қоңырау қай күні соғылады? Алматы әкімдігі осы сұрақ төңірегінде көпшілікті шатастырып қойды. Себебі, биыл қыркүйек айының бірінші күні жексенбіге түсіп тұр. Соған байланысты «қоңырау екінші қыркүйекте соғылады» деп, кейін ақпаратты қайта түзетті.

Демалыс күніне тұспа-тұс келгеніне қарамастан, алғашқы қоңырау әдеттегідей бірінші қыркүйекте соғылмақ. Оқу-ағарту министрлігі де растады. Бірақ тек 1-ші және 11-ші сыныптар үшін ғана. Ал, қалған сыныптар Білім күніне арналған салтанатты іс-шараға қатыспайды. Оларға жаңа оқу жылы екінші қыркүйектен басталмақ. Сол күні алдымен бірыңғай сынып сағаты өтіп, әрі қарай сабақ кестеге сай жалғасады.

 Айта кетейік, жаңа оқу жылында 345 мың жеткіншек мектеп табалдырығын аттамақ. Ал жексенбіде өтетін алғашқы қоңырауға қатысқан ұстаздарға ақы төленеді немесе мұғалімдер басқа күні демалыс алуға құқылы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде