{metadescription}
Тәжікстанмен $1 миллардтан асатын келісімдерге қол қойылды
Тәжікстанмен $1 миллардтан асатын келісімдерге қол қойылды

Тәжікстанмен $1 миллардтан асатын келісімдерге қол қойылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәжікстанға мемлекеттік сапарының екінші күні. Мемлекет басшысы әуелі бауырлас елдің Мәжіліс төрағасымен кездесті.

Қазақ-тәжік қатынастарының қарқынды дамып келе жатқанын тілге тиек еткен Қасым-Жомарт Тоқаев Одақтастық қатынастар туралы шартқа қол қойылғанына жоғары баға берді. Бұл болашақта екіжақты ынтымақтастықтың мүлдем жаңа кезеңіне бастау.

Бұдан кейін президент Тәжікстанның премьер-министрімен кездесіп, күні кеше өткен бизнес-форумның нәтижелерін жіпке тізді. Атап айтқанда, Тәжікстанмен арадағы сауда-саттық көлемін 2 миллиард долларға жеткізу мақсатында бірқатар құжатқа қол қойылған. Жалпы бірінші жартыжылдықта қос ел арасында тауар айналымы біршама ұлғайған. Ресми шаралардан соң, екі ел басшысы көкөніс, жемістер көрмесін аралап, ұлттық тағамдар, соның ішінде аспаздар ерекше талғаммен әзірлеген палаудың түр-түрімен танысты.

Қасым-ЖомартТоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Жалпы құны 1 миллард доллардан асатын келісімдерге қол қойылды. Бұл  қуантарлық жайт. Біз кеше өзара сауда-саттық көлемін 2 миллиард долларға жеткізу үшін бірлесіп жұмыс істеуге келістік. Екі ел үкіметтері мемлекеттеріміз арасындағы сауда айналымын ұлғайтуға ықпал ететін түрлі бағытты қарастыруы керек деп ойлаймын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.