{metadescription}
Бангкогта 66 жастағы тұрғыннан "маймыл шешегі" анықталды
Бангкогта 66 жастағы тұрғыннан "маймыл шешегі" анықталды

Бангкогта 66 жастағы тұрғыннан "маймыл шешегі" анықталды

Африкадан тараған "маймыл шешегі" Тайландқа жетті. Індет осы елдің астанасы Бангкогтың 66 жастағы тұрғынынан анықталған. Ол вирусты Африка елінде жұқтырған.

Қазір науқас ауруханаға жатқызылып, онымен байланыста болған адамдардың барлығы оқшауланған. Жалпы "маймыл шешегінің" таралу қаупі жоғары болғандықтан, елімізде шетелден келген азаматтарды тексеру күшейтілді. Отандық санитар мамандар шекара асатын барлық қазақстандықтарды сақ болуға шақырады. Вирус Африка мен Еуропаның біраз мемлекетіне тарағандықтан, осы бағытта саяхаттауға бел бусаңыз, жүз ойланып, мың толғанған жөн дейді дәрігерлер.

Баян Дәулетиярова ҚР ДСМ Көліктегі санитария-эпидемиологияны бақылау департаменті басшысының орынбасары:

"Маймыл шешегі" бұл жаңа ауру емес. Бұл Конго демократиялық республикасында бұрыннан бар. Енді дайындыққа келетін болсақ, біздің санитария-карантин пункттерінде, барық халықаралық әуежайлар стационар-қашықтықта адамның температурасын өлшеу приборларымен қамтылған. Одан кейін біздің барлық мамандар оқытудан өткізілді. Бәрі халықаралық жағдайдан хабардар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде