Алматыда 1 қыркүйектен бастап су мен кәріз бағасы өседі
Алматыда 1 қыркүйектен бастап су мен кәріз бағасы өседі. Әкімдік бұрынғы тариф тозған инженерлік желілерді жөндеуге жетпей жатыр деп түсіндірді.
Автор: Ақтоты Жұмабек
23.08.2024
Келесі жексенбіден бастап суық судың бағасы 22 пайызға өседі. Сол суды ағызғаннан кейінгі тариф те көтерілмек. Яғни кәріз құны 40 пайызға өскелі отыр. Жылыту маусымы басталғанда ыстық судың құны да көтеріледі. Әкімдік мұны «тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы аясында жүзеге асырмақшы. Яғни тарифті көтеру арқылы тозған құбыр, үзілген электр сымдарын жөндейміз деп отыр. Ал әлеуметтік осал топтарға өсірілген бағаның есесіне өтемақы төлеу жалғасады.
Бауыржан Жаубасов, Алматы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы:
— Өтемақы осы көтеріліп жатқан тарифтің өсуіне қатысты болады. Осы кезеңнен басталады. 2023 жылдан бұл өтемақы жүргізіліп жатыр. Осы төлемақы 140 мың осал топтағы азаматтарға берілді. Тарифтердің өсуіне байланысты 0,8 айлық көрсеткіш өтемақыны беріп келе жаттық, былтырдан бері. Биылдан бастап осы беріп жатқан 0,8 айлық көрсеткіш жалғасатын болады. Былтырдан бері 140 мың адам өтемақы алды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!