{metadescription}
Казино: Төрт күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды
Казино: Төрт күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды

Казино: Төрт күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды

Қаржы мониторингі агенттігі 1WIN казиносы арқылы 4 миллиардқа жуық теңгені қалтасына басқан төрт күдіктіге халықаралық іздеу жариялады. Оның екеуі — шетел азаматы.

Ресей, Украина және Қазақстан азаматтары Алматыда онлайн-казино түрін жамылып, құмар ойын мен букмекерлік қызметті заңсыз ұйымдастырды деген күдікке ілінген. Сондай-ақ олар азаматтарға зорлық-зомбылық көрсетіп, заңсыз бас бостандығынан айырды деп те айыпталып отыр. Қаржы мониторингі агенттігі іздеудегі азаматтарға қатысты қандай да бір ақпарат болса, көрсетілген телефон нөмірлеріне дереу хабарлауды сұрайды. Анонимділік сақталады әрі қомақты сыйақы да бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде